Текст
Қазақ халқының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықты арттыру, ұлы тұлғалар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұстаздар арасында «Абай оқулары» байқау ұйымдастырылып өткізілді.
27 мектеп мұғалімі 5 номинация бойынша сайысқа түсті:
1. Абай өлеңдерін жатқа оқу
2. Абайдың қара сөздерін жатқа оқу, мәнерлеп оқу
3. ақын Абайдың шәкірттерінің шығармаларын жатқа оқу
4. Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау
5. өз поэтикалық шығармаларын оқу
Шара соңында барлық ұстаздар құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.