" Ақмола   облысы білім  басқармасының    Егіндікөл  ауданы  бойынша  білім  бөлімі    Көркем  ауылының   негізгі  орта   мектебі " коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  
Коммунальное   государственное   учреждение  " Основная   средняя  школа  села  Коркем   отдела  образования  по  Егиндыкольскому   району   управления  образования    Акмолинской  области

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің болашақ мамандығым ...

10.03.2021

                                                                                  Менің болашақ мамандығым ...

"Сен де бір дүниеге

Кетігін тапта бар,қалан!" - деп Абай атамыз айтқандай әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандық иесі болу керек. Олай болса, мамандық таңдау - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз емес пе?! Биыл  9- сыныпта   оқимын , мектебім  негзгі  орта  мектеп  болғандықтан  , бірер  айлардан  кейін    оқуға  түсуім  керек.

          Міне, менде бұл өмірімдегі бір кірпішімді қалай қалаймын? Болашақты кім боламын деген ойлар сансыз мазалайды. Бастауыш сыныпта жүрген кезімде анама еліктеп, мұғалім болғым келетін. Өсе келе бұл мамандықтың жүгі ауыр екенін сездім. Әр үйдің еркесімен жұмыс жасау, оларға алғашқы қаламды ұстатып, әріп таныту ол оңай нәрсе емес екенін түсіндім. Ондай аса жауапты мамандықты алып жүруге қорықтым ба, әйтеуір ол ойымнан айнып қалдым. Орта буынға келген кезде дәрігер болсам ба деген арманның жетегінде жүрдім. Дәрігерлердің мамандықтарымен таныстым. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері және өз қиыншылықтары бар екен. Өліктерменде жұмыс жасауға тура келеді екен. Ойлана келе бұл мамандықтанда бас тартуыма тура келді. Орта буынды бітіруіме де аз қалған кез еді. Енді менің жолымда мамандық таңдау жолы тұрған болатын. Халық айтады ғой: "бұл өмірде мамандық таңдаумен, жар таңдаудан қателеспе" - деп.  Сол айтқандай менің таңдаған мамандығым арқылы жоғарыда айтып өткендей халқыма көмегімді тигізсем екен деп армандайтын едім.

Бүгінде міне, мен сол арманыма жетемін  деп, болашақта әлеуметтік қызметкер  болуды  армандап  отырмын. Шындығын айтқанда бұл мамандық жайлы осы уақытқа дейін естіп көрмеппін. Бұл мамандықты маған анам ұсынған болатын. Бұл мамандықты әлі таңдамай тұрып, толығырақ аққпарат жинап білейін деп инетернеттен қараған болатынмын.  «Әлеуметтік қызметкердің бір күні» атты мақала оқыдым. Түсінгкнім , әлеуметтік қызметкер болу үшін темірдей төзім, салқын сабыр керек. Олардың сұраққа жауап бергенін, тапсырманы орындағанын күту, қиналып жүрсе мұңын тыңдап, жұбату үшін де біраз күш жұмсауға тура келеді. Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеу, қысқасы, көпшілік ойлағандай оңай шаруа емес. Бұған үлкен жүрек иесі ғана бара алады деп ойладым .Бұл ойым мені бұл мамандыққа жақындыра түсті. Бір жағынан  бұл  таптырмайтын мамандық қой деп  ойладым , бір жағынан шыныменде мен бұндай жұмысты атқара аламын ба деген  ойлар   да  мазалады.

Таптырмайтын мамандық деген себебім, адамға көмектесу, қиналғанда қол ұшын беру ол өте сауапты іс.. Ал, мені  ата-анам бала күнімнен сауапты іс  жасауға  үйреткен   еді. Менің ойымша адамға көмектесе білген адамның жүрегі мейірімділікке тұнып тұрады. Сонымен  мен осы  мамандықты  таңдаймын  деген нық сенімдемін. 

         Әлеуметтік қызметкер, ол ізгілікті істің иесі.  Еліміздің әлеуметтік қызметінің тәжірибесі әлі де өз деңгейінде дамымай отыр. Бізде кәсіби дайындық та, оқулық та жоқ, бұған қоса, адамдардың өздері де бұл мамандыққа шындап көңіл қоймайды. Анықтама бойынша, әлеуметтік қызметкер - жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман. Біздің елде мұндай мамандарға сұраныс бар. Әлеуметтік қызметкердің негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Ол–әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.

            Қорытындылай келе, мен бұл эссені жаза отырып, өзімнің  құрдастарымды , жастарды «Әлеуметтік қызметкер» мамандығын таңдауға шақырамын. Қазіргі таңда бұл мамандыққа бюджеттен ақша бөлініп, тегін оқу және шәкірт ақы ұсынылады. Біле білсеңіз, адамға көмектесіп, қиналған  адамның  жүзінен   күлкі  көру  ең  керемет сезім.

          Мен болашақ мамандығымды мақтан етемін! Әлеуметтік жұмыс – ол қайырымдылық іс. Сондықтан да әлеуметтік қызметтің әр күні ерлікпен тең!  Себебі,  ол қараңғы  жерден  жарық  таба  білетін  адам!

                                                                                                                                                                                  Оралбаева   Дана  Ерланқызы

                                                                                                                                                                                           9-  сынып

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст