17.03.2025

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Наурызнама онкүндігі аясында бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген.
Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың бай мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері насихатталады. Театрландырылған қойылымдар, фольклорлық фестивальдер, ұлттық киімдер мен аспаптарды дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылады.
Бұл маңызды мереке қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған мәдениетін жаңғыртуға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған