«Діни экстремизмнің алдын алу»
13.11.2026
Мектебімізде педагогтерге арналған «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — педагогтердің діни сауаттылығын арттыру, экстремистік идеологияның қаупі туралы түсінік қалыптастыру және жастар арасында оның алдын алу жолдарын талқылау.
Кездесу барысында ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, интернеттегі күмәнді мазмұннан сақтану және оқушыларды өзара құрмет пен толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелері қарастырылды. Қатысушылар жас ұрпақтың саналы көзқарасын қалыптастырудағы ұстаздың рөлі туралы пікір алмасты.
Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау — ортақ жауапкершілігіміз!
Просмотров: 0