«БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН!»
17.11.2026
5–9 сынып оқушылары арасында буллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары, жағымсыз әрекеттердің алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар бір-біріне құрметпен қарау, достық қарым-қатынас орнату, қиын жағдайда қолдау көрсету және өз құқығын қорғау мәселелері талқыланды.
Оқушыларға әр адамның қауіпсіз ортада білім алуға және өзін еркін сезінуге құқығы бар екені айтылды.
Біздің мақсатымыз – буллингсіз, мейірімді әрі қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру!
Просмотров: 0