«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
17.11.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Ұшқыр ой алаңы» әлеуметтік жобасы аясында 9-сынып оқушыларының қатысуымен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.
Зияткерлік сайыста оқушылар білімдерін ортаға салып, тапқырлық пен шапшаңдық танытты. Ойын қатысушыларға өз қабілеттерін көрсетуге, ізденуге және ойын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.
Білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр ұрпақ — ел болашағы! Қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, жаңа жетістіктер тілейміз!Өткізген: Ерсинали Сезім Ерболқызы.
Просмотров: 1