Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы
17.11.2026
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 5–9-сынып оқушылары арасында «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты — оқушыларды ұлы ойшылдың рухани мұрасын танып-білуге баулу, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеті мен өз ойын жазбаша жеткізу дағдыларын дамыту.
Жас қаламгерлер өз жұмыстарында адалдық, мейірімділік, ізгілік пен білімге ұмтылу тақырыптарын қозғап, Ясауи мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызы туралы ой бөлісті.
Рухани мұраны тану — өткенге құрмет, болашаққа бағдар. Байқауға қатысқан оқушыларға шығармашылық табыс тілейміз!Просмотров: 6