«Таза Қазақстан» – туған жерге тағзым, елге жанашырлық!
20.11.2026
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Көркем ауылының көркеюі мен көгалдануына бағытталған игі іс-шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Юрий Викторович, ауыл тұрғындары мен ауылымыздың жанашыр азаматтары бірлесе отырып, туған жердің гүлденуіне өз үлестерін қосты. Бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсеткен шара барысында ауыл аумағына 60 түп ағаш отырғызылды. 

Ауылдың ажарын ашып, табиғатын түлетуге атсалысқан барша тұрғындарға алғысымыз шексіз! Осындай ортақ іске жұмылған жұртшылықтың еңбегі – туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
Ауылымыздың көркеюі – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Туған жеріміз жайқалып, көшелеріміз көгеріп, Көркем ауылымыз көркейе берсін!
Просмотров: 0