Қаржылық қауіпсіздік — әр азаматқа қажет білім!
23.11.2026
23 қараша күні мектебіміздің 6–9-сынып оқушылары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен республикалық қаржылық қауіпсіздік диктантына қатысты.
Оқушылар қаржы пирамидалары, дропперлік, цифрлық гигиена және қаржылық алаяқтықтан қорғану тақырыптары бойынша білімдерін тексерді. Мұндай шаралар жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттырып, интернеттегі қауіп-қатерден сақтануға үйретеді.
Қаржылық сауатты болу — қауіпсіз болашақтың негізі!
Просмотров: 0