Энергияны үнемдеу — Қазақстан экологиясына қосқан үлес

23.11.2026
 
6-сынып оқушыларымен «Энергияны үнемдеу — Қазақстан экологиясына қосқан үлес» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында «Таза Қазақстан» құндылығы аясында үйде және мектепте энергияны үнемдеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Еңбек адамы» бағыты бойынша энергетика саласының маңызы мен заманауи мамандықтар туралы әңгіме өрбіді.
Оқушылар энергияны үнемдеудің күнделікті өмірдегі қарапайым жолдарын қарастырып, қоршаған ортаға қамқор болудың маңызын түсінді. Әрбіріміз жарықты қажетсіз жақпай, электр құрылғыларын ұқыпты пайдалансақ, табиғатты қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз.
Энергияны үнемдеу — табиғатты аялау, болашақты қорғау!
Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу