Заңдылық пен әділеттілік — ел дамуының тірегі
24.11.2026
Мектебімізде заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді мемлекетке қайтару тақырыбына арналған фильм көрсетілді. Оқушылар фильм арқылы бұл бастаманың мәні мен қоғам үшін маңызы туралы ой қозғады.
Көрсетілімде ел байлығының халық игілігіне қызмет етуі, заң талаптарының баршаға ортақ болуы және қайтарылған қаражаттың әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталуы жайында маңызды мәселелер қозғалды.
Фильмнен кейін оқушылар әділдік пен адалдықтың қоғам өміріндегі орны, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың ел болашағына бейжай қарамай, ортақ іске жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Әділ қоғам — заңды құрметтеп, ел игілігін бірге ойлайтын азаматтардан басталады!
Просмотров: 0