Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын.
«Жақсының жақсылғын айт нұры тасысын» дейді қазақ халқы. Осы қағидаға Көркем ауылының негізгі орта мектебінің ұстаздары лайықты. Тәуелсіздігіміздің отыз жыл мерейтойымен құрдас, өткен ғасыр соңында еңбек өтілін бастаған аға ұстаздарымыздың қырық жылдан астам уақыты бала тәрбиесіне арналды. Сондай ұстаздарымыздың бірі –Салима Әбілқайырқызы және Шынар Жақсыкелдіқызы. Ағылшын тілін жетік меңгерген Салима Әбілқайырқызы Үкіметіміздің үштілді саясатын ұстанып, өзінің дәріс берген шәкірттерінің үкілі үмітін шыңдап, талай жас буынды ағылшын тіліне үйретсе, «..ақыл, ғылым талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» дегендей, талай шәкірттері ұстазына ұқсап, Ташимова Әсел, Нұрмағамбетова Мақпал.. осы күнде ағылшын тілінен сабақ беріп, ел алғысын алып жүр. Сондай-ақ жыл сайынғы пән олимпиадаларына оқушыларды қатыстырып отырады. 5-сынып оқушысы Рахметов Сұлтан 2020-2021оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы облыстық кезеңде ағылшын тілі пәнінен II дәрежелі дипломмен марапатталса,BRITISH BULLDOG халықаралық конкурстан екі жыл қатарынан I дәрежелі дипломды Алпысбай Айзат қанжығасына байлады. Аға ұстаздардың жолын жалғастырған Шынар Жақсыкелдіқызы әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы ғылым болу керектігін, өмірдің мақсаты білімде ғана орындалатынын ерінбей, жалықпай іздену керек екендігін өзі оқытатын шәкірттеріне үнемі ұқтырып отырады.Біліммен тәрбиені егіз ұстанған ұстаз өзі де қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.Үнемі ізденіс үстінде жүреді және өзі оқытқан шәкірттерін түрлі облыстық, республикалық деңгейдегі жарсытарға қатыстырып отырады. ҚР дарынды оқушылардың «Алтын кітабы» қорына өзі тәрбиелеген шәкірті Оралбаева Дананың зерттеу еңбегі жарияланды.Республикалық пән олимпиадасына оқушыларды дайындап, Оралбаева Дана, Сайлбек Әділет, Шүкір Тамирлан «Олимпиада Слет-2019» жеңімпазы атанды. Өзі тәжрибе алмасу барысында Халықаралық идеялар жәрмеңкесінің «Алтын сертификатын» жеңіп алды.Алдағы уақытта еңбектеріңіз бағаланып, шәкірттеріңіздің алғысына бөленіңіздер.Қоғамға пайдалы іс жасау-адам бақыты.
Кітапханашы : Бейсенова А.С