15.11.2021
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңін 2021 жылғы 11 қарашада онлайн түрде ұйымдастырып, өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты - оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.
Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл Егіндікөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 15 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 9- сынып Шүкір Даяна жүлделі 1 орынды қанжығасына байлады:
2021 жылдың 25-26 қарашасында Алматы қаласында өтетін III Республикалық "Ділмар" шешендік өнер байқауының қорытынды кезеңіне Шүкір Даяна жолдама алды.
Жеңімпаздарымызды жүлделі орындармен құттықтай отыра, барлық қатысушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз.