«Тәңір сыйы - Тәуелсіздік»
Тәуелсіздік! Бұл сөзді мен ең алғаш рет атамнан естіген болатынмын. Кешке қарай далада демалып отырғанда атам маған сендер «Тәуелсіз елдің ұрпақтарысыңдар» сендер бақытты балаларсыңдар дегені әлі есімде. Мен қазір 3 сыныпта оқимын . Атамның сол әңгімесін қазір есіме алып ,шығарма жазып отырмын. Мен қазақтың баласы болғаныма қуанамын. Мен тұңғыш Президентімді мақтан етемін. Қазақстанның аты әлемге әйгілі, елу елдің қатарына кірді. Біздің өз туымыз, тіліміз, әнұранымыз, елтаңбамыз, теңгеміз бар. Көрікті әрі әсем қала Астанамыз бар. Мен жыл сайын отбасыммен бірге Астанаға саяхат жасаймын. Осы Тәуелсіздікті сыйға берген ата- бабаларымызға рахмет айтып, бас иеміз .Жақсы оқуыммен , үлгілі тәртібіммен елімнің көркеюіне үлес қосамын
Көркем ауылының негізгі орта мектебі
Алимұса Нұрислам Мейрамұлы 3 сынып оқушысы