Көркем ауылының негізгі орта мектебінде ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні ата -аналар қауымдастығымен кездесу өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп медбикесі Касенова Алия Алпысбаевна жасөспірімдерді вакцинациялау туралы толық мағұлмат берді
2 Вакцинациялауға байланысты ата аналар тарапынан болған сауалдарға жауап берді.
Вакцинациялауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде ақпараттандырылған келісім алдын ала жиналады.Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялау кезінде қатыса алады.
Төмендегі сауалдар бойынша ата - аналарға толық түсінік берілді
Вакцинациядан кейін баланы қалай бақылайды?
Егер баланың иммунитеті жеткілікті болса, вакцинация жасау керек пе?
Пфайзер вакцинасы қаншалықты қауіпсіз?
Ата-ана баласын вакцинациялау кезінде қатыса алады ма?
Вакциналар табиғи иммунитетті төмендете ме?
Мен балаға Пфайзер емес, басқа вакцинаны салдыра аламын ба?
Ата-аналардың баланы вакцинациялаудан бас тартуы неге әкеледі?
Балалардың вакцинация паспортын қайдан жүктеп алуға болады? Қағаз нұсқасын қалай алуға болады?
Вакцинация алдында балаларды медициналық қарап тексеру бар ма?