Ауған соғысы кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі.Жүздеген жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған отандастарымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Ауған соғысының ардагері Есилов Жақыпбек Қасымұлы 1969 жылы 5 қаңтар Көркем ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ауған жерінде Отан алдындағы әскери борышын өтеп, туған ауылына аман-есен 1989 жылы оралды. 1988 жылы. “Ауған халқының ризашылық” , 2009 жылы “Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына-20 жыл”, 2005жылы “Әскери қызмет үшін” , 2010 жылы “ Жауынгерлік іс-қимылдар ардагері” , 2017 жылы “Жауынгерлік еңбегі үшін” медальдарымен марапатталды.
Жастық шақтарын соғыс өртi шарпып, өздерiне жат ел үшiн қан кешкен азаматтардың ерлiгi, болашақ жастарға, бүгiнгi ұрпаққа өнеге.
Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың белгісіндей, жас ұрпақтарға қоңырау болып , сыңғырлап тұра берсін!