Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде "Қазақтың ұлттық киімдері" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ұлттық киімдердің ерекшеліктерін,даму тарихын,әшекейлеу әдістерін меңгеру.Киім мәдениеті туралы ой қалыптастыра отырып салт-дәстүрді дәріптеу.
Қазақтың ұлттық киімдері
Ол-өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз. Ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеу біздің қоғамымыздағы әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі деп санаймыз.
Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп.Кең байтақ даламыздың табиғатына,ауа-райына байланысты киім түрлерінде дк ерекшеліктер бар.
Жақы-ертеректе ауқатты адамдар киген,жағалы әрі асыл киімдердің бірі.
Шекпен-тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім.Одан су да,жел де өтпейді.
Күпі-қазақтың ертеден киіп келе жатқан киімдерінің бірі.
Қалпақ-ақ киізден немесе қалың матадан тігілген,биік төбелі ерлердің бас киімі.
Қамзол-әйелдердің жасына қарай қызыл,көк,жасыл,қара түсті барқыт,шұға,мауыты т.б
Бөкебай-әйелдер өздерінше шаршылап,кейде үшбұрыштап,әр түрлі үлгіде із салып,ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды.
Қазақша көйлек-әйелдер киімі.Түсі ашық жақсы маталардан тігіледі.Ертедегі көйлектер тік жағалы,жеңді әрі ұзын болған.
Белбеу-ерлер де ,әйелдер де қалың киім сыртынан буынатын өте қымбат бағалы зергерлік бұйым.Ол былғарыдан жасалып,сырт жағынан алтын,күмістен жасалған бедерлі әшекейлермен қапталады.
Етік-былғарыдан,құрымнан тігілетін ерлер мен әйелдердің аяқ киімі. Түрлері: жым етік,қисық табан етік, шоңқайма етік.Мұны қыста да жазда да киеді