Өткен жылдың, яғни, 2018 жылдың 5 – желтоқсанында Көркем негізгі мектебінің оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Муканова Рышан апайдың жетекшілігімен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына саяхаттық сапармен барып қайтты. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 14 шілдеде ашылған мұражай. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Мұражай «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы боынша құрылған екен. Мұражайға саяхатымыздың мақсаты оқушыларымызға ұлттық тәрбие беру, еліміз, жеріміз жайында мағлұматтар қалыптастыру. Мұражайды аралата отырып, қазба жұмыстары кезінде табылған ата - бабаларымыздың қолданған құралдары, аң аулауға арналған заттарына көңіл аудартып, ол кісілердің өмір сүрген баспаналары мен ат әбзелдері, арбалары ойша ата - бабаларымыздың өткен өміріне көз жүгірту.