" Ақмола   облысы білім  басқармасының    Егіндікөл  ауданы  бойынша  білім  бөлімі    Көркем  ауылының   негізгі  орта   мектебі " коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  
Коммунальное   государственное   учреждение  " Основная   средняя  школа  села  Коркем   отдела  образования  по  Егиндыкольскому   району   управления  образования    Акмолинской  области

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

31.07.2017

    2017 жылдың тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-ы аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы

республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. 

 Биылғы жылы акция «Менің таңдауым

- балаларға көмек көрсету!» атты ұранымен өтеді. 

   Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан

шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа

оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың

мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

2017 жылы акция шеңберінде дәлелсіз себептер

бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында қоғамдық орындарда,

компьютерлік клубтарда «Жұмыстылық», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралар

өткізіледі. «Бақытты балалық шақ мекені», «Ауыл балаларына – мектепке

сыйлықтар», «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары

ұйымдастырылады. Нарықтағы бағадан төмендетіп сататын кәсіпкерлердің қатысуымен

мектеп жәрмеңкелер және көшпелі автодүкендердің өткізілуі жоспарланған .

 Егер Сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, тіленші, панасыз қалған, зорлық-зомбылыққа

ұшыраған балалар туралы мәліметтермен хабардар болсаңыз, 8 (7182) 32-12-42

балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің шұғыл желі телефонына хабарлауыңызды

сұраймыз.

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст