" Ақмола   облысы білім  басқармасының    Егіндікөл  ауданы  бойынша  білім  бөлімі    Көркем  ауылының   негізгі  орта   мектебі " коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  
Коммунальное   государственное   учреждение  " Основная   средняя  школа  села  Коркем   отдела  образования  по  Егиндыкольскому   району   управления  образования    Акмолинской  области

                                                        

                

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл - асыл қазынам »

14.09.2019

Қыркүйек айынан басталған күз мезгілін «тіл маусымы» деп атауға да болады. Өйткені, дәл осы уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде тіл мерекесіне арналған дәстүрлі сайыстар мен байқаулар бірінің артынан бірі бәйгеге түскен сәйгүліктерше сан жағынан есесін жіберіп жатқан жоқ. Бұл да себепсіз емес. Әрине, даталы күнге орай жастарды қазақ тіліне баулу мақсатында аймақтарда түрлі-деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қай тілдің болмасын жанына үңілсек, тарихи, мәдени және өмірлік құндылық екенін аңғаруға болады.Тілді жасау және қалыптастыру-ұзақ уақытқа созылатын үрдіс.Әр халық өз тілін жақтаушы ұжым болып келеді.Тілдегі сөздер қоршаған ортадағы құбылыстың,заттық ұғымның атауын білдіреді.Қай тіл болсын,қалыптасу ,даму барысында әр түрлі жайларды басынан кешірді. Тілдер де тарихи қиыншылықтарды басынан өткізеді. Сондай басқыншылықтардың, отарлаудың зардабын шеккен,езгіге ұшыраған,бірақ өз келбетін сақтап қалған тілдердің бірі-біздің ана тіліміз-қазақ тілі деп айтуға болады. Қазақ тілі тамыры тереңге кеткен араб,моңғол,орыс тілдерінің көлеңкесінде кетпей,еңсесін түсірмей өміршеңдігін,ұзақ өмір сүретіндігін танытты .Қазақ тілі-үлкен ғажайып тіршілік әлемі.Ол-қазақ деген халықтың тарихымен ұштасып жатыр.Қазақ тілі-талай ғасырды бастан кешірген ана тіліміз.Бірақ қазіргі уақытта өз ана тілінде сөйлегенді ұната бермейтін жастарымыз да жоқ емес.Олар қазіргі кезде «сән» болып кеткен орыс,ағылшын тілдерінде сөйлегенді ұнатады.Бұрын Ресей империясының қол астында бодан болған дәуірде саяси отаршылдықтың кесірінен біздің кейбір қазақтар өз ана тілін ұмытып,орыс тілінде сөйлеген заман болған десекте, қазір өз ана тілінің қадір қасиетін білетін дәуірге жеттік емеспе. Қазақ тілі-біздің ата-бабаларымыз сөйлеген тіл,оның бізді таңқалдыратын сырлары да аз емес.Осы тәуелсіздіктің негізін нығыздай түсетін құрал ол тіл мәселесі.Тіліміздің айбынын басқа тілдер сияқты айбынын асқақтату, әлемге танытыу,ол болашақ ұрпақтың,яғни,жастардың қолында. Бұл басқа тілді үйренуге тыйым салынады деген сөз емес.Әлемдік деңгейде дамыған орыс,ағылшын тілдерін де білу керек.Ол біздің жастарымыздың болашағы үшін қажет. Дегенмен де «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»деп Қадір Мырзалиев айтқандай,өз тілімізге құрметпен қарап, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру, жастардың туған тiлге деген сүйiспеншiлiгiн, сол арқылы халық арасынан дарынды талантты жастарды iздеу мақсатында Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай жер-жерлерде онкүндік мереке ұйымдастырылп өткізілуде. Осыған орай   сыныбымызда онкүндігіміз сынып  сағатымен басталды.  Сынып  сағатында  әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айтып , тілдер күні мерекесінің маңызы және Қазақстан халықтары тілдері туралы барша оқушыларға мәлімет берілді.Жоспар бойынша «Менің  тілім  -менің  мақтанышым» ,«Мемлекеттік тіл-менің тілім»,  «Тіл -  асыл  қазынам » ,«Путеществие в страну слов», « Бір ел  - бір  кітап» Абай  Құнанбайұлы шығармаларынан   әдеби  кеш , «Жасай бер ,жайнай берші- қазақ тілі» атты тақырыпта 3-4 осыныптарда сынып сағаттары және интеллектуалды   сағат  жүргізілді.

            
        Бұл іс-шарамен ғана тоқталып қана қоймай Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ең бірінші кезекте мемлекетті құрушы ұлт өкілдері ретінде – қазақтардың өзі бастап мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатуға ат салысуы керек екендігін ұғынса.

 

                                                                                               Сынып  жетекшілері :  Мухамедиярова  Ш.Ж

                                                                                                                                       Рахметова  Д.И

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст