Көркем негізгі мектебінде «денсаулық апталығы»
бойынша өткізілген іс –шаралар жайлы ақпрат.
Мектебімізде «Денсаулық» Мемелекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы 2-6 қыркүйек аралығындап «Ұлт саулығының негізі- салауатты өмір салтында» ұранымен «Денсаулық апталығы» өткізілді.
Мақсаты:
- Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, ағзаларын шынықтыру;
- Салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыруға баулу;
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай табиғаттың сұлулығын өнермен, музыкамен ұштастыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Денсаулық апталығы мектеп оқушыларының салтанатты саптүзумен басталып, апталық аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Апта бойы «Шынықсаң шымыр боларсың» айдарымен бүкілмектептік таңертенгі жалпы дамыту жаттығулар өткізілді.5-8 сынып оқушыларымен «Денсаулыққа көзқарас» тақырыбында мектебіміздің мейірбикесі сауалнама өткізілді. Қазақ, орыс тілі пәндерінде «Дені сау ұрапақ- жарқын болашақ» тақырыптарында диктанттар алынды. 4 қыркүйек күні 1-9 сыныптар аралығында «Денсаулық әліппесі», тақырыбында тәрбие сағаттары. Бастауыш сыныптары арасында «Біздің жанұямыздағы спорт» тақырыбында суреттер сайысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар апта бойында жоспар бойынша спорттық жарыстар өткізіліп отырды.2 қыркүйек күні 5 сыныптар арасында мектеп ауласында эстафеталық жарыс өткізіледі, оған барлық сынып оқушылары қатысты.
Апталықтың соңғы күні 6 қыркүйек «Шынықсаң шымыр боласың» ұранымен ертеңгілік жаттығулар «жаттығуға тұралық» кешенді жаттығулар жасалды.