" Ақмола   облысы білім  басқармасының    Егіндікөл  ауданы  бойынша  білім  бөлімі    Көркем  ауылының   негізгі  орта   мектебі " коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  
Коммунальное   государственное   учреждение  " Основная   средняя  школа  села  Коркем   отдела  образования  по  Егиндыкольскому   району   управления  образования    Акмолинской  области

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Буккроссинг

22.11.2019

 

Көркем  негізгі  мектебінде бұл  акция  кітапханашының түсіндіру насихаттау  жұмыстарынан  басталды.«Буккроссинг» қазақшаға  аударғанда  «кітап  сыйлау» немесе «кітаптың  айналыста  жүруі» деген  мағынаны  білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты  алып  келіп орнына  оқымаған  кітаптарыңызды  алуларыңызға  болады. Буккроссингті  алғаш  ойлап  тапқан ғалым Рон Хорнбекер.  Ол 2001 жылы  көпшілік  жүретін  жерде  мынандай  жазуы бар кітапты қалдырып  кеткен екен: «Бұл жоғалып  кеткен  кітап  емес,  оның  бұрынғы иесін мына  сайтқа  кіріп  біле  аласыз.  Кітапты  оқып  болған соң  оны әрі  қарай  саяхаттауға  жіберуіңізге  болады». Жазылған  хат  пен  кітап  адамдарға  қызықты  болған  соң, сайтқа  кірушілер  саны  артып,  оқырмандар  саны  көбейген.  Ал,  Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы  2005 жылдан  бастау алыпты. Бүгін де   аталмыш  акция Көркем негізгі мектебінде   дәстүрлі  түрде  жалғасын  тауып  келе  жатыр. Акциямыздың  басты  мақсаты  ауылымыздағы   тұрғындардың  кітап  оқуға  деген қызығушылығын  арттыру. Сол  мақсатта  бұл  акция  биыл екінші рет  өткізіліп  отыр. . Сондықтан да үйлеріңізде  өздеріңіз оқыған  қызықты  кітап  болса соны алып  келіп, орнына  оқымаған  кітаптарыңызды  алуға  болады. Немесе керек  емес шаң  басып  жатқан кітаптарыңызды  халық  игілігіне жаратуға  асығыңыздар. Аталмыш алмасу акциясына кітаптарын  алып  келіп, орнына  кітап алған  оқырмандарымыз  бар. Кітапханаға керек емес  кітаптарын  сыйға  тартқан  жомарт  жандар  да  табылуда. Солардың  бірі бастауыш  сынып мұғалімі   Туякова Д  І. Есенберлиннің «Қан мен  тер» кітабын оқып өзінің алған әсерімен  бөлісті және үйінен бірнеше  кітапты буккроссинг жәшігіне  салып, оқырман оқуына жағдай  жасады. Сол сияқты «Бір кітап-бір  ел»  акциясы бойынша    үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді. Мысалы Ш. Құдайбердіұлы шығармалары, Б.Момышұлы  «Ұшқан  ұя»,  Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» .

Буккроссинг акциясына мектеп оқушыларымен  қатар ұстаздар, ауыл тұрғындары  да  қатысты.

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст