Елбасы – ел тірегі
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев – мейрімді адам. Елордамыз бұрынғы Астана қаласын көркейтуге көп үлес қосты. Жаңа заман үлгісіндегі ғимараттар салғызып, сәулет өнерін жандандырды. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» қазіргі заман дер едім
Шүкір Даяна 7-сынып
Біздің Қазақстан – тәуелсіз, егеменді ел. Біздің ел тірегіміз – Қасым- Жомарт Тоқаев. Ал тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемге танытты. Қазақстанның жан- жақты дамуына үлес қосты. Экономика, білім, өнер саласы бойынша әлемдік деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізе бастадық. Жастардың болашағын айқындап берді. Енді біз еш алаңсыз шет мемлекеттерде білім ала аламыз.
Кемелденген қазақ мемлекеті жасасын!
Оралбай Дана 8-сынып
Қазақстан туған жерім
Сарыарқа жазық белің
Тәуелсіздік жаққан алау
Жасампаз туған ерің
Көркейген жерді көрдік
Бақытты елді көрдік
Осының барлығына
Тер төккен Нұр атаның
Болашақ жолын көрдік
Тұрғынбаева Алтынай 8-сынып
Бейбіт, тәуелсіз елде тұрғанымыз үшін бірінші Аллаға, екінші Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында бостандық таңын атырып, бақытты өмір сүрудеміз. Мен Президентім үшін мақтанамын. Оның беделі әлемдегі алпауыт елдердің қоғам қайраткерлерімен тең.
Жақсылық Жайна 8-сынып
Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз халқына көп еңбек етті. Бұл кісінің көреген саясатының арқасында еліміз тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды. Сарыарқа төріне астана салды. Қазір ол қалаға Нұр-Сұлтан деген атау берілген. Осы қаладағы салынған «Бәйтерек», «ЭКСПО» маған қатты ұнайды. Ертегідегі айдаһар қазақстанды ұнатпайтын мемлекеттер тәрізді. Ал алып бәйтерек ті ел шежіресіне ұқсатамын. Ұяны қорғап қалған батыр ол- елін , жерін, халқын сүйген батыр Н.Ә.Назарбаев. Ал «ЭКСПО» болашақ қаласы.
Сейілбекова Назерке 5-сынып
Елбасы-ел мақтанышы. Әрбір азамат өзінің еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін өзінің қызыметімен көрсетеді. Ұлтына, халқына адал қызмет еткен ел көсемдерін халқы ардақтап өткен. Болашақта мен де Н.Ә.Назарбаев сияқты Президент боламын. Мен Президентім үшін мақтанамын.
Алпысбай Айзат 6-сынып