Мақсаты:
1.Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
2.Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
3.Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау
Күтілетін нәтиже : 1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады.
2.Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
3.Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.
Оқушылардың ойларынан үзінді
Мен демалыс күндерінде бірнеше ертегі оқыдымю Соның ішінде С.Көбеевтің «Үш соқа» кітабынан «Түлкі мен қырғауыл» ертегісін оқыдым. Әкем мен анама ертегінің мазмұнын айтып бердім. Осы ертегіні достарыма оқуға кеңес беремін.
Оралбай Нұралы 2 сынып
Бастауыш сынып оқушыларының көбі «Жеті лақ», «Үш күшік», «Айлакер түлкі» ертегілерін оқыды. Әрқайсысы оқыған ертегілерін ерекше эмоциямен айтып, кейіпкерлердің дауыс ырғағын салып керемет баяндап берді.
7 сынып оқушылары Шүкір Тамерлан «Соңғы нүкте»М.Мәжитов Рахметов Сұлтан «Оң қол» Т. Әбдіқұлұлы. Қайырбек Гүлден Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» әдеби кітаптарын оқығандарын айтты.