Көркем негізгі мектебінде өткізілген аудандық семинар туралы ақпарат.
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сай 2020 жылдың 25 ақпан күні мектебімізде « Бастауыш сынып пәндерін оқытуда инновациялық әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі » тақырыбындағы семинар-практикум өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістеме орталығының меңгерушісі Контарбаева Айжан Қанатбековна және аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңаша әдістерін тиімді қолдану, мұғалімдер шеберлігін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу.
Семинар негізгі үш бөлім бойынша жүргізілді:
1.Ұйымдастыру 2. Практикалық 3.Теориялық.
Ұйымдастыру бөлімінде семинарға қатысушыларды тіркеу рәсімінен басталып, Тәрбие мегерушісі Жаркынбекова Ж.О- қызымен мен тәлімгер Муканова Р.Ж- қызының ұйымдастыруымен бүлдіршіндердің музыкалық сәлемімен (ән,би) ұласып, мектеп директоры Джусупова Салима Абулкаирқызының алғы сөзімен ашылды.
Практикалық бөлімде семинар бағдарламасына сай 5 сабақ өткізілді. 2-4 сынып оқушыларымен «Мен Отанымның патриотымын» тақырыбында интелектуалды ойын өткізіліп , жеңімпаздар анықталды.
Теориялық бөлім психологтың ұйымдастыруымен психологиялық тренингтерімен ашылды. Оқу ісінің меңгерушісі Рахметова Д.И - қызының «Қазіргі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттары» тақырыбындағы таныстылымы жалғасын тапты. Таныстырылымда қазіргі таңдағы білім беру саласында қолданылатын түрлі жаңашыл әдіс тәсілдердің тиімділігі мен мектеп ұстаздарының тәжірибесіндегі қолданыстағы жетістіктері айтылды.
Мемлекет ұрпағымыздың шығармашыл, белсенді, жан сұлулығы мен тән сұлулығы бірдей, болашаққа сеніммен қарайтын тұлға болып қалыптасуына мүдделі. Бұл семинарда әріптестеріміз өз жұмыстарын жақсы көрсете білді және шығармашылық жобамен жұмыстың түрлерін, өздерінің зерттеу жұмыстарының бастамасын қолданудың тиімді тәсілдерін көрсетті. Балалардың бұл жобаға ат салысқандығы іс-әрекет, дағдыларынан айқын байқалды.
Семинарға қатысушылар да өз пікірлерінде семинардан алған жақсы әсерлері мен тиімді әдіс-тәсілдері туралы айтып өтті.