" Ақмола   облысы білім  басқармасының    Егіндікөл  ауданы  бойынша  білім  бөлімі    Көркем  ауылының   негізгі  орта   мектебі " коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  
Коммунальное   государственное   учреждение  " Основная   средняя  школа  села  Коркем   отдела  образования  по  Егиндыкольскому   району   управления  образования    Акмолинской  области

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көркем негізгі мектебінің кітапханасында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты көрме ұйымдастырылды.

20.04.2020

           Көркем  негізгі  мектебінің  кітапханасында  «Ұрпаққа  ұран  болған  Ұлы  Жеңіс»   атты көрме  ұйымдастырылды.

Көрменің   бірінші  бөлімінде  «Майдангер  қаламгерлер»  атты  көрмеде Ұлы  Отан  соғысы  туралы  сол  кезде  қан  кешіп, фашизмді  жеңу  үшін  қаламгерлер  халықа, сол  кездегі  совет  солдатына  жігер  беретіндей  өр  рухты  әдеби  шығармалар  арқылы төзімділікпен бірлікке  жұмылдыратын  ой  тастайтын  сүбелі  сөз  жазып,  халықтың  әлеуметтік тұрмыстық  жағдайының  төмен  болуына  қарамай  Ұлы  Жеңісті  желбіреткен  халықтың  қаһарман  ұлдары алғы  сапта  болғаны  мақтанышпен  оқушыларға  баяндалды

Екінші  бөлімінде   «Жеңіс  сарбаздары»  тақырыбында  соғысқа  қатысқан қаламгер-ардагерлердің  соғыс  жылдарын  суреттейтін  шығармалары  қойылды.Кейбір қаламгерлердің  шығармасынан  үзінділер  айтылып, оқушылардың  мәдени,  рухани  сауаттылығын  қалыптастыруға  арналса, кей  рухты  сөздер  патриатизмге  баулуға,  Отан-жалғыз, Отанға  еңбек  ету  үшін  тарихтан  сабақ  алуға  кітап  оқып  саясатты  тереңінен   меңгеруге  бағытталған

                                                                                                            Орындаған: кітапханашы  Бейсенова А.С.

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст