Көркем негізгі мектебінің оқушылар арасында Ұлы Отан Соғысының 75жылдығы қарсаңында «Ерлік мәңгі өшпейді» тақырыбына эссе жазылды.
Ұлы Отан соғысы
1941-1945 халықтың жадынында мәңгі қалатын ,еш уақытта ұмытылмайтын қайғылы да қасіретті жылдар. Анадан - бала , баладан -ана айырылып, қыршынынан кеткен өрімдей жастардың өмірі басталмай жатып аяқталғанын ойласаң көзіңнен жас парлап ағады. Ешкімді де айналып өтпеген соғысқа менің алақандай аулымнан 74 майдангер аттанған. Оның біразы соғыс майданынан қайтқан жоқ, кейбірі іс-түссіз жоғалып кетті. Майдангерлердің 33-і ғана ауылға оралды. Соғысқа қатысқан майдангерлердің әрқайсысы менің аталарым, менің мақтанышым! Себебі олар Отанын қорғады.
Шүкір Даяна 7-сынып
Соғыс – Ерлік
Соғыс зардабы халыққа қайғы-қасірет алып келеді. Жетпіс бес жыл тойланып келе жатқан Ұлы Жеңіс ардагер аталарымыз бен аналарымыздың арқасы. Біреуі соғыста қолына қару алып шайқасса, енді біреуі тылда жұмыс істеп жеңіске өз үлесін қосты.Мен қазақ халқының қонақжай, төзімді , сабырлы мінезін ұнатамын. Тәуелсіз қазағым соғыс көрмесін.
Алпысбай Айзат 6-сынып
Менің атам да соғысқа қатысқан
Ұлы Отан соғысына менің Нұрмағамбет Көшербай атам және Қырғызбекұлы Қиянбек аталарым қатысқан.Отан үшін от кешкен аталарымның қысқа ғұмыры ерлікке толы. Ұрпағына Отан деген қасиетті ұғымды қасық қаны,шүберекке түйген жанын елемей неміс-фашистерінің ұлы арманына тойтарыс беріп, жерімізді құлдықтан аман алып қалған аталарым үшін мақтанамын.Аталарымның бейнесі соғыс туралы көрген киноларда, соғыс туралы оқыған шығармаларда.
Рымбаева Сымбат 6-сынып
Өмір сыйлаған жауынгер
Естуімізше, Қоңқар Махади атамыз соғысқа қатысқан. Соғыс біткеннен кейін елге аман-есен оралып, Совет қоғамына еңбек еткен ардагер болған.Біз атамызды көрген жоқпыз.Бірақ Әлимұса атамның айтуы бойынша кезінде, соғыс уақытында, снарияд жарылған кезде Қоңқар Махади атамызды топырақ басып қалған көрінеді.Тек бір қолы ғана шығып тұрған .Оны қатардағы жауынгер көріп үйіндінің астынан қазып алған дейді. Атамыз дүниеден озғанға дейін сол жауынгерді тілге тиек етіп: «Бірінші Алла, екінші бейтаныс жауынгердің арқасында бейбіт өмір көрдім»,- дейді екен. Ауыр жағдайда қол ұшын берген «Совет Жауынгерінің» бейнесі біз үшін үлгі.
Ғаббасова Аружан 6-сынып
Бейбіт өмір
Менің де атам соғысқа қатысқан. Жастық жалыны лапылдап тұрған шақта Отан үшін от кешкен атам үшін мақтанамын. Елдің тыныштығын, бірлігін, тәуелсіздігін ойлаған аталарымыздың есімдері алтын әріппен жазылып, тарих сахнасынан өшпейді.
Бейбіт өмір .Қандай жақсы!
Соғыс болмасын! Лапылдап қала жанбасын!
Мүддесі орындалмасын арам жауыздың,
бұдан былай жер бетінде тыныштық орнап,бейбітшілік құсы самғасын!
Қалабаев Азамат 9-сынып
Менің де атам соғысқа қатысқан
Ел үшін, жер үшін менің де атам қолына қару алып , соғысқа қатысқан. Жер бетінің тыныштығы үшін аналардың көз жасы, балалардың келешегі , ұрпақтардың жалғасы үшін жастығын қан майданда қалдырған.Атамның ерлігі маған үлгі. Соғысқа қатысқан ардагерлер ешқашан ұмытылмайды.
Сайлаубек Ерқанат 9-сынып
Рахмет саған, ардагер!
Ұлы Отан соғысы 1941-1945жылдар арасында болды. Соғыс ол-қиыншылық, аштық, құлдық. Сол қиыншылық, аштық, құлдықтан жұмыла бірлескен, бір мақсатта жауын жеңген совет азаматы мен азаматшалары қара жерді фашизм құлдығынан аман алып қалды.Қазақ халқымды мақтан тұтамын. Тылда да, соғыста да алда болды.Рахмет саған , ардагер , ғажап бейбіт өмір үшін, аянбай төккен терің үшін!
Думан 9-сынып
Жинақтаған Бейсенова А.С.