Менің де атам ардагер.
Жауыздықтың өрті лаулап қаншама қандастарымыздың өмірін қиған соғыстың біткеніне міне, 75 жыл болыпты. Менің де Көшербай атам сол сұрапыл соғысқа қатысқандардың бірі еді. Ол кісі жеңісті де, бейбіт өмірді де көрген. Соғыстан кейін елге аман оралып, күйреген шаруашылықты қалпына келтіруге еңбегі сіңген адам. Мен атамда мақтан тұтамын.
Сайлаубек Ерболат. 2 – сынып.
Менің де атам ардагер.
Менің де Мақадиұлы Қонқар атам соғысқа қатысып, елге аман оралған ардагерлердің бірі. Ол кісі Ұлы Отан соғысының басынана аяғына дейін қатынасып, жерімізді жаудан қорғаған ардагерлердің бірі.Кеудесіне орден дерін тағып түскен суретін көріп, атама қызыға қараймын.
Қадырбек Қаламқас. 2 – сынып.
Менің атам ардагер - Шаймерден Әубәкірұлы. Бір мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылы, алтыншы сәуірде дүниеге келген. Атам соғыс басталғанда небәрі 18 жаста болған екен, соғысқа аттанып елін, жерін қорғауға аянбай күш жұмсаған ерлердің бірі. Соғыстан кейін Ақмола қаласының ардагерлер төрайымы және энергетика саласында қызмет атқарды. Мен атамды мақтан етемін.
Өмірзақ Жанбота. 2 – сынып.