Көркем негізгі мектебінде 2020 жылдың 11 – мамырында 2 – сынып оқушыларымен Отбасы күніне орай « Отбасылық құндылық – тәрбие негізі» атты тақырыпта сынып сағаты өтілді.
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Ата - ана,ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.Бала мен ата- ана арсындағы махаббатты, сүйіспеншілікті арттыра түсу.Отбасы татулығын нығайтуға ықпал ету.
Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен ерке Ерболатпын . Ал, мен ақкөңіл Айзадамын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық..
М.О.Әуезов : «Бала ата-ананың тағылымымен » -өседі деген. Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (19-шы қара сөзінен)