Көркем негізгі мектебінің 5 - 6 сыныбында 11.05.2020. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ арналған «Отбасы – тәрбие басы , мектеп – тәрбие жаршысы » атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесінің бала үшін маңызы және оның тұлға болып қалыптасуы , баланың алатын орны және оның өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру. Отбасындағы тәрбиенің маңызын түсіндіру. Сынып сағатына сыныптағы оқушылардың барлығы белсене қатысты. Интерактивті тақтада слайдтар арқылы 5-сынып оқушысы Сейілбекова Назерке өз отбасы туралы айтып өтті. Ал қалған оқушылар топпен жұмыс жасап , әр оқушы отбасы жайлы фотосуреттер арқылы түсіндіріп көрсетті. Отбасындағы мейірімділік , ата-ана қамқорлығы , құрмет , сыйластық , адамдар арасындағы жылы қарым-қатынас және жақсы қасиеттер – бұл отбасы тәрбиесінің құндылықтарын қалыптастырады. Сонымен қатар , мектептегі отбасы жайлы тәрбие оқушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Мектеп , ата-ана , оқушы ынтымақтастығы – тәрбиенің жақсы жетістігіне жеткізеді.
Адамның бала кезінен бастап отбасы құндылықтары қалыптасуы басталады. Отбасы жылуын сезініп өскен бала болашақта жақсы тұлға болып қалыптасады.
Орындаған: 5-6 сынып жетекшісі Рахметова Г.А.