" Ақмола   облысы білім  басқармасының    Егіндікөл  ауданы  бойынша  білім  бөлімі    Көркем  ауылының   негізгі  орта   мектебі " коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  
Коммунальное   государственное   учреждение  " Основная   средняя  школа  села  Коркем   отдела  образования  по  Егиндыкольскому   району   управления  образования    Акмолинской  области

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.03.2018

Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен

үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің

орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының

салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған

түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті

қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы

қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере

білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы

адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде

Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен

еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған

қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл

қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі

бола алар еді», – деген болатын.

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст