Өтетін күндері: 28 қыркүйек – 4 қазан.
Мақсаты: мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтау, білім алушылардың білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінігін арттырып, мұғалімнің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Өткізу форматы: қашықтықтан, интернет ресурстарын пайдалану.
Мұғалімдер күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі посткеңестік кеңістіктегі бірқатар елдерде қазанның бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
- ата-аналардан бейнеқұттықтаулар;
- педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтау;
- «Ұстаздар әулеті – менің отбасымның мақтанышы» тақырыбында фотокросс;
- «Өзін-өзі басқару күні» өткен фотосуреттер мен естеліктер;
- «Егер мен мұғалім болсам ...» тақырыбында эссе;
- «Мұғалім өмірінен бір күн», «Менің алғашқы ұстазым», «Мұның бәрі сіз туралы ...» тақырыбына постер;
- оқушылар арасында «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік пән мұғалімі», «Үздік тәлімгер» номинациялары бойынша онлайн дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу;
- БАҚ-тарда мақалалар жариялау